Қанша қымбаттаса да шегетін адам сатып ала беретін сияқты.
1 шілдеден бастап 20 фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекінің ең төменгі бағасы 710 теңге болады.
Ал 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі баға 770 теңгеге дейін өседі.
Бағаның өсуіне темекі өнімдерінің акциз мөлшерлемесінің 14%-ке ұлғаюы, импортталатын шикізат пен материалдардың қымбаттауы, логистиканың едәуір күрделенуі және инфляция себеп болып отыр.