Елдегі 11 жекеменшік жылу орталығында тексеріс жүргізген прокурорлар мұндағы құрылғылардың жағдайы нашар екенін анықтады. Бұл жаңа жылу маусымында апатқа алып келуі мүмкін.
Astana арнасының хабарлауынша, премьер-министр Әлихан Смайылов экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында орталықтарды мемлекетке қайтаруы мүмкін екенін айтты.
Премьер-министр жөндеу және жаңғырту жұмыстары бойынша нақты уақыт белгілеуді талап етті. Егер бұл орындалмаса, нысандарды мемлекетке қайтару бойныша шара қабылданады. Комиссия отырысы барысында ірі кәсіпорындарды газбен қамту саласындағы тиімсіз делдал-монополистерді жою мәселесі де талқыланды,
деді премьердің баспасөз хатшысы Динара Алимова.