«Жайлы мектеп» жобасы аясында 1,7 трлн теңгеге 369 мектеп салынады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев балабақша педагогтерінің еңбекақысын 30%-ке көтеруге 96 млрд теңге қарастырылып жатқанын айтты.
Ол сондай-ақ өңірлерді дамытуға назар аударылып отырғанын мәлім етті.
Бұған республикалық бюджеттен 7 трлн теңгеден артық қаражат қарастырылған. Яғни жалпы бюджет шығыстарының шамамен 30% құрайды,
деді ол.
Оның ішінде:
— 5,3 трлн теңгесі — бұл субвенциялар;
— 1,7 трлн теңге — өңірлерді дамытуға бағытталған нысаналы трансферттер.
Сонымен қатар Үкімет резерві есебінен «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасын іске асыруға қосымша 15 млрд теңге, өңірлердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға 38 млрд теңгеге жуық қаражат бөлу қолдау тапты.