Енді 5 мың полицей мектепте сабақ береді

Енді мектептерде полиция қызметкерлері профилактикалық сабақ өткізеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылы қарсаңында Ішкі істер министрлігі өкілдерімен бірлесіп, оқушылардың қауіпсіздігіне қатысты сабақтар өткізеді. Бұл сабақтарға білім беру ұйымдарының өкілі де, құқық қорғау органдарының өкілі де қатысады.

Қыркүйектің басынан бастап 5 мыңнан астам полиция қызметкері мектептерге барып, профилактикалық сабақтарды бірлесіп өткізеді. Бұған мұғалімдер, директордың орынбасарлары және директорлар белсене қатысады. Оқу жылының басында ішкі істер органдарынан мектеп жанындағы кезекшілікті күшейтіп, қажет жерлерге арнайы жол белгілерін қойып, алдын алу шараларын жүргізуді сұраймыз. Барлық мектеп автобустын және қауіпсіздік жүйелерін тексеруді аяқтау қажет. Бұл жұмысты бірлесіп атқарамыз деп ойлаймын,

деді Асхат Аймағамбетов оқушылардың қауіпсіздігі мәселесі бойынша кеңесте.

Министр кәсіби күзет агенттіктері мектептің ерекшеліктерін білуі қажет екенін айтты. Онымен қоса, тәжірибелі қызметкерлердің жиі ауыспауы және мектептің ерекшеліктерін білуі үшін оларға тұрақты жұмыс беру керек екеніне тоқталды.

Бұл мәселелерді жұмыс тәртібінде шешуді ұсынамыз және білім беру ұйымдарымен жұмыс істейтін лицензиясы бар күзет ұйымдарына қойылатын қазіргі талаптарға жеке тармақ енгіздік,

деді министр.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ведомствоның барлық жеке құрамы оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін айтты. Оқушыларға олардың құқығы мен міндеті түсіндіріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу, төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керек екені хабарланады. ІІМ басшысы елордалық гимназиялардың біріне өзі де баратынын айтты.

Министр техникалық жабдықтау мен оның сапасына тоқталып, жергілікті атқарушы органдар білім беру ұйымдары бейнекамералармен 100% қамтылғаны туралы есеп беретінін мәлімдеді. Бірақ тексеру болғанда елеулі кемшіліктер анықталған.

Барлық камера жұмыс істемейді, қала мектептерінің бір бөлігі ЖБО-ға (Жедел басқару орталығы) қосылмаған. Камералардың саны туралы есеп емес, осы камералардың қанша баланы қамтитыны маңызды,

деді Марат Ахметжанов.

Ол жергілікті әкімдіктер орталық мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, мектептегі тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарын күшейту қажет екенін айтты.

Министрлік басшылары балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды бейнекамералармен, дабыл түймелерімен және тағы басқа жабдықтау мәселелері толық шешілмеген өңірлердің ақпаратын тыңдады.

Мәселелерді талқылау аяқталғаннан кейін министрлер Нұр-Сұлтандағы ПД жедел басқару орталығында мектептердің техникалық дайындығын тексерді.

Айта кетейік, Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында 2022-2023 оқу жылында өзгерістер туралы баяндаған еді.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago