1,5 млн бүлдіршініміз ыстық тамақпен қамтылып жатыр. Оның өзектілігі болашақта да жоғары. Алайда әлі күнге дейін сын көп.
Бүгінде 800-ден астам мектепте асхана мүлдем жоқ.
Олардың ішінде 303 мектепте буфеттік тамақ ұйымдастырылған. 288-інде бейімделген асханалардан кейтеринг жүйесі арқылы қоғамдық тамақтану орындарынан тағамдар жеткізілуде деп сіздердің хаттарыңыздан жауаптар көрсетілген.
Бірінші сұрақ: қоғамдық тамақтану орындарынан жеткізілетін тағамның сапасына кім жауапты, төтенше жағдай болса, кім қадағалайды?
Осындай асханасы жоқ мектептерде жапсарлас асхана салу мәселесі алдағы уақытта жоспарланған ба, ол қалай шешіледі?
Мектептегі ыстық тамақтың бағасы да әртүрлі. 400 теңгеден 1500 теңгеге дейін баға айырмашылығы бар.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді. Министрдің айтуынша, 800 емес, 591 мектепте асхана жоқ. Сонымен, 300 асханасы жоқ мектеп қайда кетті? 29 қыркүйекте Оқу ағарту министрлігі 800 мектепте асхана жоқ деп көрсеткен.
Ал тамақтың бағасы бойынша ең жоғары баға – Алматы қаласында, 840 тг. Ақмола облысында – 750 тг. Ең төменгі баға Қарағандыда – 480 тг. Орта есеппен оқушы 570 тг төлейді.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берсе де, баға бірізді жүйеге келтірілмеді. Нақты қанша мектепте асхана жоқ екені сонымен жауапсыз қалды.