2025 жылға қарай елдегі мектеп саны артады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров хабарлады.
Ұлттық экономика министрі президент жолдауын іске асырру жөнінде қандай іс-шара қабылданып жатқанын баяндады. Соның ішінде, мектеп салу ісіне тоқталды.
Апатты және үш ауысымды мектеп проблемаларын шешу үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін 800 мың оқушы орнына арналған мектептер салынады,
деді Әлібек Қуантыров үкімет отырысында.
Оған қоса, министр денсаулық сақтау саласындағы жоба туралы айтып өтті.
Еліміздің ауыл тұрғындары қажеттігін қанағаттандыру үшін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр,
деді ол.
Министрдің айтуынша, бұл екі жоба қазір аяқталу сатысында тұр.