Қазақстан өлім-жітім деңгейі бойынша 229 мемлекеттің ішінде 85-орында тұр.
Соңғы жарты жылда елімізде 69,2 мың адам қайтыс болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,6 пайызға аз.
Рейтинг 1000 адамға шаққандағы қайтыс болғандар саны негізінде есептелген. Бұл ретте еліміздің коэффиценті — 8,11.
Тізімнің ең басында Сербия, Румыния, Литва тұрса, ең аз көрсеткіш Катарға тиесілі. ТМД елдері арасында Украина, Ресей және Беларусь алғашқы ондыққа енген. Молдова да жағдай мәз емес — 12-орын.
Ranking.kz мәліметінше, өңірлік бөліністе өлім-жітімнің ең көп саны Алматы облысында байқалды: 7,4 мың адам. Үштікке Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары да кірді. Ең аз өлім Маңғыстау облысында тіркелді: 1,5 мың адам.
Айта кетерлігі, биыл елордадан басқа барлық өңірде қайтыс болу саны айтарлықтай азайған.
Ресми деректерге сәйкес, Қазақстандағы қайтыс болу себептерінің ең жиі кездесетіні қан айналымы жүйесінің аурулары. Бұл сырқаттан 15,6 мың адам қайтыс болды, көрсеткіш былтырғыдан бірден 15,7% азайған.
Одан кейінгі орындарда жаңа ісіктер мен тыныс алу органдарының аурулары. Бұл сырқаттардың әрқайсынан шамамен 6,7 мың адам қайтыс болды. Одан бөлек өлімге себеп болатын ең көп таралған сырқаттардың қатарында жазатайым жағдайлардан, уланудан және жарақаттар, сонымен қатар ас қорыту органдарының аурулары бар.