Үкімет Алматы облысында жаңа қала құруды жоспарлап отыр.
Бұл жөнінде «Ашық» порталындағы құжаттарда жазылған.
Құжатқа сүйенсек, үкімет Алматы облысы, Іле ауданындағы Жетіген ауылын облыстық маңызы бар қала қатарына жатқызып, оған «Алатау қаласы» деген атау бермек.
Қоғамдық талқылау 29 қарашаға дейін жалғасады.
Жетіген — Алматы облысы Іле ауданындағы ауыл, Жетіген ауылдық округінің орталығы, темір жол стансасы.