Еңбек ресурстарын дамыту орталығы жұмыс берушілер 2022 жылғы тамызда Электрондық еңбек биржасында қандай мамандарды жиі іздейтіні айтылды.
Қазір елімізде жоғары білікті мамандықтар бойынша тәрбиешілерге, оқытушыларға және дәрігерлерге сұраныс көп. Бұл мамандықтар бойынша Электрондық еңбек биржасында жарияланған бос жұмыс орындары түйіндемелерден артық.
Тамыз айында тәрбиешілер мен олардың көмекшілеріне деген сұраныс ұсыныстан 2 есе асып түсті. 1,8 мың түйіндеме берілген, ал бос жұмыс орны — 3,9 мың. Екінші орында ЖОО мен колледж оқытушылары тұр. Олардың 2 мың түйіндемесі жарияланған, бірақ 3,5 мың бос жұмыс орны шықты. Дәрігерлердің 1,1 мың түйіндемесі салынған, ал бос жұмыс орны саны — 2,2 мың,
делінген хабарламада.
Электрондық еңбек биржасында біліктілігі жоқ еңбек қызметкерлерінің арасында жүк тиеушілерге (265 түйіндеме, 2,2 мың бос жұмыс орны) және құрылыс саласындағы жұмысшыларға (332 түйіндеме, 2,1 мың бос жұмыс орны) сұраныс жоғары.
Ал сұраныс аз мамандар қатарына қаржыгерлер (10 бос орынға 324 түйіндеме жіберілген), заңгерлер (304 бос орынға 1242 түйіндеме бар), автомеханиктер (65 бос орынға 354 түйіндеме шыққан), биотехнологтар (12 бос орынға 256 түйіндеме жарияланған), фельдшерлер (268 бос орынға 681 түйіндеме бар) және мал өсірушілер (95 бос орынға 464 түйіндеме ұсынылған) бар.