«Пинта» белгілі мейрамханалар желісі қазақ тілін менсінбейтін болып шықты. Әлеуметтік желіде мемлекеттік тілі төңірегінде дау туындап, халық наразылық білдіріп жатыр.
бизнестеріңді ашып, табыстарыңды тауып отырған мемлекеттің тілі неге көңілдеріңнен шықпай қалды?
деген ашулы пікірлер пайда болды
Белгілі болғандай, бұл көңіл көтеру орындарында қазақ әндерін орындауға рұқсат жоқ екен. Мейрамхананың ресми парақшасының жауабына сүйенсек, қазақша әндердің ойнатылуы мекеменің тұжырымдасына сай келмейді-мыс.
Әр мейрамхананың өз тұжырымдамасы бар, бізде тек ағылшынша әндер ойнатылады, кей-кейде ғана орысша,
делінген жауапта.
Желі қолданушылары «Пинта музыканттары» деген скриншоттармен де бөлісе бастады. Қонақтар қазақ тілінде ән сұраған кезде дұрыс жауап қайтаруға арналған әдістемелік нұсқаулық ретінде қолданылады екен.
Қазақ тіліндегі әндерді әлі де орындамаймыз. Егер қонақтар талап етсе, қазақша әндер тізімде жоқ деп жауап беріңіз. Кез-келген басқа жағдайда бірден мейрамхана директорын шақырыңыз. Бірақ бізге тыйым салынған деп айтушы болмаңыз!
делінген екен скриншотта.