Categories: Қоғам

Елімізде қазақ тілін менсінбейтін мейрамхана халықтың ашуына тиді

«Пинта» белгілі мейрамханалар желісі қазақ тілін менсінбейтін болып шықты. Әлеуметтік желіде мемлекеттік тілі төңірегінде дау туындап, халық наразылық білдіріп жатыр.

бизнестеріңді ашып, табыстарыңды тауып отырған мемлекеттің тілі неге көңілдеріңнен шықпай қалды?

деген ашулы пікірлер пайда болды

Белгілі болғандай, бұл көңіл көтеру орындарында қазақ әндерін орындауға рұқсат жоқ екен. Мейрамхананың ресми парақшасының жауабына сүйенсек, қазақша әндердің ойнатылуы мекеменің тұжырымдасына сай келмейді-мыс.

Әр мейрамхананың өз тұжырымдамасы бар, бізде тек ағылшынша әндер ойнатылады, кей-кейде ғана орысша,

делінген жауапта.

Желі қолданушылары «Пинта музыканттары» деген скриншоттармен де бөлісе бастады. Қонақтар қазақ тілінде ән сұраған кезде дұрыс жауап қайтаруға арналған әдістемелік нұсқаулық ретінде қолданылады екен.

Қазақ тіліндегі әндерді әлі де орындамаймыз. Егер қонақтар талап етсе, қазақша әндер тізімде жоқ деп жауап беріңіз. Кез-келген басқа жағдайда бірден мейрамхана директорын шақырыңыз. Бірақ бізге тыйым салынған деп айтушы болмаңыз!

делінген екен скриншотта.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 часа ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

1 день ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

4 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

4 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

4 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

4 дня ago