Жұбаныш Жексенұлы Америкаға кететінін мәлімдеді

Белгілі әнші Жұбаныш Жексенұлы “1001 түн” бағдарламасында берген сұхбатында жақын арада АҚШ-қа аттанатынын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тарихта алғаш рет Америка жерінде Наурыз тойы тойланбақ. Соған орай шақырту алдым. Елдің атынан барып, Америкада Наурыз тойлаудың өзі әрбір әртіс үшін мәртебе шығар деп ойлаймын,

дейді өнер иесі.

Сондай-ақ әнші бағдарлама жүргізушісінің отбасылық өміріне қатысты қойған сұрағын да жауапсыз қалдырмады. “Қандай қайын атасыз?” деген сауалға Жұбаныш Жексенұлы: “Менің бір емес, екі келінім бар. Өзім туралы “осындай қайын атамын” деп айтқаным ыңғайсыз болар. Екі келінімді де өте жақсы көремін. Біз кез келген толқында сөйлесе алатын адамдармыз. Мен атадан бұрын оларға әкемін. Формалды түрде қайын атасы болғаныммен, оларға әкесіндеймін”, – деп жауап берді ол.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

23 часа ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

23 часа ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

23 часа ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

7 дней ago