Көкөністің негізгі 6 түрі (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат, қияр, қызанақ) бойынша жүргізген талдау осы өнімдерді өндіру, өңдеу, сақтау мен өткізу процестерін тежейтін мемлекеттік саясаттағы олқылықтарды көрсетіп отыр.
Орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдардың осы бағыттағы салааралық іс-әрекеттері үйлесімді болмай отыр.
Мысалға, Экология министрлігі — сумен қамту, Энергетика министрлігі – энергия тасымалдағышарды (көмір, газ, электр энергиясы, ЖЖМ) уақтылы жеткізу және АШТӨ қолдайтын тарифтер, Сауда министрлігі – импорт және экспорт, сауда желілерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру мәселелері бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп ортақ шешім қабылдамайды.
Әкімдіктер ӘКК-ның тиімді жұмысын және бірінші кезекте ауылда сервистік-дайындау желілерін ұйымдастыруды дұрыс жолға қоя алмауда, ал Ауыл шаруашылығы министрлігі АШТӨ-нің мүддесін қорғайтын және мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіретін ықпалды орган бола алмай отыр.
Мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаевтың айтуынша, статисканың анық әрі дәл болмауы Үкімет қабылдаған барлық шаралардың тиімділігін жоққа шығарады.