Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан Ресейге тауар реэкспортын бақылауды күшейтеді
24.03.2023
Астанада 5 жасар қыз зорланды
24.03.2023
Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі өзбек кәсіпкеріне тиіп алды
24.03.2023
Алматыда ішек обыры дертінің өлімі көбейді – онколог
24.03.2023
Президенттің отбасы мүшелеріне орын жоқ: Ұлттық пантеонда кімдер жерленеді
24.03.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Оқиға > Елімізде көлігін сатпақ болған 100-ге жуық азамат алданып қалды
Оқиға

Елімізде көлігін сатпақ болған 100-ге жуық азамат алданып қалды

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 16.03.2023
Обновлено 16.03.2023 в 11:03
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Елімізде жүзге жуық азамат темір тұлпарын жарнамамен сатуға шығарып, ерлі-зайыпты алаяқтардың арбауына түсті.

Кепілдікте тұрған көліктерінің екі-үш айда несиесін жауып, өз атыма заңдастырамын деген айлакерлер сенімхат алып алады екен. Артынша ізім –ғайым жоғалып, машинаны үшінші адамға құжатсыз, қолма-қол ақшаға саудалайды дейді зардап шеккендер. Осылайша не көлігін, не ақшасын ала алмаған жұрт қазір қарызға белшесінен батып отыр. Алаяқтарға қатысты іс енді ғана қозғалып, іздестіру жұмысы басталды.

Ерлі-зайыпты алаяқтарға алданғанның бірі — Ақбота Қожагелдинова. Ол денсаулығына байланысты осыдан төрт жыл бұрын көлігін сатуға сайтқа шығарады. Ақшасы толық төленіп бітпеген көлік алаяқтардың көзіне бірден түсіпті. Сөйтіп түрлі желеумен қомақты қаражат екі үш айда түсетінін айтып, өз атына заңдастыратынына сендірген. Сөйтіп қолындағы сенімхатпен ұшты-күйлі жоғалыпты. Содан бері не көлігі, не ақшасы жоқ.   

Күндіз-түні жұмыс істеп жатырмын. Бір емес, екі жұмыс істеп жатырмын. Биржада және былай бос уақытымда біреулердің еденін жуып, сол қарызымды жабудың амалы. 20 миллионды қалай жабамын? Тауып жатқан айлығымды, істеп жатқан жұмысымның бір тиынын көрмеймін. Ол тұрмақ баламның алып жатқан ақшасын да соған құйып жатырмын. Бүткіл шотым бұғатталған,

дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Ақбота Қожагелдинова.

Алаяқтар жоспар бойынша сайттан көлігі кепілдікте тұрған адамдарды арнайы іздеп табады. Сөйтіп көлік иесімен байланысқа шығып, қолына 500 мың мен миллион теңге аралығында ақша беріп алдаусыратады. Бір Алматының өзінде 20-ға жуық азамат алаяқтардың құрығына түсіп отыр.

Екі үш айдан кейін маған ақша түседі. Мен толық жабамын да, өз атыма аударып аламын. Маған жазып беретін сенімхат негізінде дейді. Сосын мен былай ойланып көремін. Екі-үш ай үлкен мерзім емес қой, жарайды деймін. Сөйтіп көлігімді беремін. Ол алып кетеді. Екі-үш айын төлейді. Болды, содан кейін төлемей қояды. Машина да жоқ, ақша да жоқ. Кредитті қазір өзім төлеп жүрмін. 160 мың теңге, айына,

дейді Алматы қаласының тұрғыны Азамат Сәбитов.

Әккі айлакерлер Алматыдан алып кеткен көліктің көбін Астана қаласына апарып саудалаған көрінеді. Өйткені Елордада алданғандардың дені темір тұлпар сатқандар емес, сатып алғандар. Ол жақта да қулар азаматтарға түрлі сылтаумен көлікті ғана тастап, ақшаны қолма-қол алып кеткен.

Былтыр сәуір айында хабарлама бойынша машина қарап жүргенмін. Телефонмен сөйлесіп, бір әйел, Венера, техпаспортты қарағанда Рашитов Ринат Шаритович деді. Мен сұрадым ол кісіден. Ол кісі кім деді. Ол менің күйеуім деді. Сосын телефонмен сөйлестім. Ол жақта күйеуі емес, Рашитов Ринат емес. Өзінің күйеуі Кемел деген сыбайласы, алаяқ,

дейді Астана қаласының тұрғыны Руслан Каримов.

Ерлі-зайыптының құрығына өзге өңірлерде де алданғандар саны 60-қа жуық. Әзірге Алматы мен Астана қаласында екеуіне қатысты іс қозғалып, іздестіріліп жатыр.

Бұл екі күдіктіге бағытталған іс-шаралар қазір қылмыстық іс жүргізу кодексінің аясында жүзеге асырылып жатыр. Қылмыстық кодексінің 190 бабының 4 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, яғни аса ірі көлемде жасалған алаяқтық дерегі бойынша. Екі күдіктіні іздеуге жариялау бойынша шаралар қолға алынды. Міндетті түрде нотариусты және барлық процедураларға қатысушы тұлғалар тергеуге алынды,

дейді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полицейлердің айтуынша, алаяқтар Астана қаласының тұрғындары. Аталған бап бойынша олар 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ТЕГи: Қазақстан
Сая Манарбековна 16.03.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Қазақстан Ресейге тауар реэкспортын бақылауды күшейтеді
  • Астанада 5 жасар қыз зорланды
  • Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі өзбек кәсіпкеріне тиіп алды
  • Алматыда ішек обыры дертінің өлімі көбейді – онколог
  • Президенттің отбасы мүшелеріне орын жоқ: Ұлттық пантеонда кімдер жерленеді

Недавние комментарии

  1. Tem к 1 сәуірден бастап Ресей билігі 400 мың адамды әскерге шақырмақ
  2. Tem к Алматылықтар «Пинта» барларына бойкот жариялады
  3. Tem к «Сүйіп қалсам да, тұрмаймын»: Анар Батырхан ауыл жігітіне тұрмысқа шықпайтынын айтты
  4. Tem к Бұл – Ресей. Берген «шубаны» 5 минуттан соң шешіп алды
  5. Tem к Арестович: Екінші Дүниежүзілік соғыста қазақтар — ең үздік әскери күш болды

Вам также может понравиться

Экономика

Қазақстан Ресейге тауар реэкспортын бақылауды күшейтеді

24.03.2023
Оқиға

Астанада 5 жасар қыз зорланды

24.03.2023
Саясат

Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі өзбек кәсіпкеріне тиіп алды

24.03.2023
Қоғам

Президенттің отбасы мүшелеріне орын жоқ: Ұлттық пантеонда кімдер жерленеді

24.03.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?