Qazaqstan.tv осылай деп хабарлайды.
Бұл жерде әңгіме қозғалтқыш көлемі аз көліктерге қатысты болып отыр. Неге салықтан босатылуы керек?
Себебі, биыл жанармай бағасы өсіп, көлік иелерінің шығыны арта түскен. Ұлттық экономика министрлігі осындай ұсыныс жасапты. Ведомство халықтың көп бөлігі көліктің осы түрін пайдаланады, қосымша төлем олардың әлеуметтік жағдайына кері әсер етеді деп санайды.
Сондай-ақ, министрлік жылжымайтын мүлік салығын да қайта қарауды сұрап отыр. Бұл ұсыныстар қолдау тапса, жаңа Салық кодексінде ескерілуі керек.