Қазақстанда орташа айлық көлемі өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі бюросы хабарлады.
Қазақстанда екінші тоқсанда атаулы жалақының орташа мәні 312 011 теңге болды. 2021 жылдың осы тоқсанымен салыстырғанда өсім 24 процент, нақты мәнде 8,9 процент болды,
делінген хабарламада.
Бұл ретте, жалақының медианалық мәні бағалау бойынша екінші тоқсанда 196 728 теңге болды. Медианалық мән дегеніміз — – жалақы қатарының орталық деңгейі.
Жалақының өсуі экономикалық қызметтің барлық негізгі түрінде байқалатыны айтып өтілді. 2021 жылғы осы тоқсанмен салыстырғанда ең үлкен өсім тіркелді:
- құрылыс салаларында – 35,5 процент;
- көлік және қойма шаруашылығында – 34,8 процент;
- тау-кен өнеркәсібінде және карьерлерді қазу ісінде – 28,3 процент;
- денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салаларында төмен көрсеткіштер белгіленді – 12,1 процент;
- басқа да қызмет түрлерін көрсету бойынша – 3,9 процент.
Бұл ретте өңірлік тұрғыда ең үлкен өсім Қызылорда облысында 31,3 процент болып тіркелді. Ең аз өсім Нұр-Сұлтанда -14,2%, дегенмен нақты мәнде 0,1 проценттік тармаққа төмендеу тіркелді.
Орташа айлық жалақы кәсіпорындардың тоқсандық есептері бойынша есептеледі. Орташа құн қосымша төлемдерді, үстемеақыларды, сыйлықақыларды, салықтар мен басқа да шегерімдерді ескере отырып жасалады.
Медианалық жалақы – бұл есептелген жалақы сомасы бойынша қызметкерлер санын бөлу орталығында тұратын және оны орташадан төмен және жоғары жалақы деп екі тең бөлікке бөлетін жалақы.
Еске салайық, Қазақстанда 2022 жылғы бірінші тоқсанда орташа айлық жалақы 285 433 теңге болған еді.