2022 жылдың үшінші тоқсанында орташа жалақы көлемі 299 782 теңгені құрады.
Бұл Ұлттық статистика бюросының мәліметі. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 23 пайызды құрады.
Жалақының өсуі қызметтің барлық негізгі экономикалық түрлері бойынша байқалады. 2021 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда ең жоғары өсім
- құрылыс саласы — 34,5 пайыз,
- ауыл, орман және балық шаруашылығы — 31,3 пайыз,
- көлік және қоймалау — 31,1 пайыз.
Өңірлік бөліністе ең жоғары өсім Ұлытау облысында — 39 пайыз. Ең төмен өсім Астана қаласында байқалды — 15,1 пайыз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды науқаны барысында халықтың қарыз ауыртпалығының жоғары үлесін, қарызды өтей алмайтындығын, сондай-ақ жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылдауға ниетті екенін мәлімдеді.