Премьер-министрі Әлихан Смайылов құрылыс саласын реформалау және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев құрылыс саласының тиімділігін арттыру тетіктерін әзірлеу қорытындылары бойынша заңнамалық түзетулер пакеті әзірленгенін айтты.
Жаңа нормалар енгізу арқасында шағын және орта бизнестің мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, заңсыз және өнімсіз қосалқы мердігерлер және біліктілігі жоқ лицензиаттар қызметін шектеу жоспарланып отыр,
деді Еркебұлан Дауылбаев.
Оған қоса, нарық субъектілеріне жер учаскелерін алу кезінде тең мүмкіндіктер беру, үлестік құрылыс саласын жетілдіру және сала бойынша лайық еңбекақы төлеуді қамтамасыз ету жоспарда бар екені айтылды.
Заңнамалық түзетулерді қабылдау құрылыс көлемін біркелкі бөлуге, орындалатын жұмыстардың сапасы мен ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді,
делінген хабарламада.
Премьер-министр ұсынылған өзгерістердің негізгі бөлігін қолдады және мүдделі мемлекеттік органдарға егжей-тегжейлі есеп жасауды қажет ететін тармақтарды қосымша пысықтауды тапсырды.