Қазақстан – шағын фирмалар республикасы.
Қазақстанда жұмыс істеп тұрған бизнес саны 399 378-ге жетті. Оның ішінде 390 310 фирма — қызметкерлер саны 100 адамға жетпейтін кішкентай бизнестер.
Сонда бізде үлкен, тұщымды салық төлейтін 9 мың компания ғана бар. Бюджеттің де негізін солар құрайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,5 пайыз болды. Яғни, 2021 жылмен салыстырғанда 3,5 пайызға артық дегенді білдіреді.
Индикатор, ІЖӨ өсуде, бірақ халық осыған қарамастан кедейленіп барады. 2022 жылы халықтың нақты ақшалай табысы 12,8%-ға төмендеген. Жұмыссыздар саны 451 мың адамға жеткен. Сонда, жұмыс істей алатын адамдардын 5 пайызы жұмыссыз жүр.
2022 – қымбатшылық жылы болды. Азық-түлік 25,3%-ға қымбаттаса, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 19,4 пайызға қымбаттады. Ақылы қызметтер бағасы 14,1%-ға өсті.