Қазақстанда бір жылда қайнатылған шұжық 23,6%, ал жартылай сүрленген шұжық 22,2% қымбаттады. 2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша ет өнімдерінің бағасы бір жылда 16,6% өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Ет пен құс еті жылына 15,4%, шұжық өнімдері 22,2%, ет өнімдері 15,9% өсті. Ет өнімдерінің ішінде:
- құс еті 29,4%,
- жылқы еті 16,7%,
- қой еті 12,9%,
- сиыр еті 10,1%
- шошқа еті 14,3% қымбаттады.
Бағаның өсуін көбіне Маңғыстау облысының тұрғындары сезінді. Мұнда баға жылына 22,6% өскен. Екінші және үшінші қатарда Павлодар (21,7%) және Солтүстік Қазақстан (+21,5%) облыстары тұр. Ең аз жылдық баға өсімі Ұлытау облысында байқалды: +9,7%. Бұл туралы Еnergyprom.kz хабарлады.