Су тасқыны аймағынан 99 869 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның 36 591-і бала.
Уақытша қоныстандыру пунктеріне 6,5 мыңнан астам адам шоғырланған, 3197-сі бала. 9 млн текше метр еріген қар суы сорылып, табиғи апатқа қарсы 1 млн 600 мың қапшық, 1 млн 200 мың тонна инертті материал төселген.
Апаттық-құтқару жұмыстарына 34 272 адам, 4 мың техника, 17 әуе кемесі жұмылдырылған. Дей тұрғанмен, 8 өңірде төтенше жағдай режимі жалғасып отыр. 3 563 жеке тұрғын үй, 563 аула және 1 778 саяжай су астында қалды. 67 елді мекен көлік қатынасынсыз қалып отыр.
Төтенше жағдай министрлігі қазақстандықтарды аса мұқият болуға, су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтауға, үйлерден және эвакуациялау пункттерінен рұқсатсыз шықпауға шақырады.