Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың басында халық саны 19 766 мың адамды құраса, оның 9 647 мыңы – ер адамдар.
- 0-14 жас аралығындағы ер балалар саны — 3 млн;
- 15-62 жас аралығындағы ерлер саны – 5 876 мың;
- 63 жастан жоғары зейнеткерлер саны – 767 мың.
Өңірлер арасында ерлердің саны Түркістан облысында көп – 1 079 мың, ал ең азы Ұлытау облысында – 108 мың.
Ерлердің көпшілігі өнеркәсіп саласында қызмет етеді – 16,8%, көтерме және бөлшек сауда, автожөндеу саласында 14%, тағы 14% ауыл, орман және балық шаруашылығында еңбек етеді.
Ерлердің өмір сүру ұзақтығы – 70 жас.