Алдағы үш күнде Түркістан мен Жамбыл облыстарында су тасқыны болады деген дабыл қағылды.
Қазгидромет синоптиктері күн райының жылынуына байланысты ескерту жасады.
2023 жылдың 6-8 қаңтар аралығында Түркістан және Жамбыл облыстарында қар аралас жаңбыр жауады.
Соған байланысты аталған аймақтардың таулы аудандарында беткейден еріген қар суы ағады және өзендерде су деңгейі көтеріледі деп болжанып отыр.