Еліміз шекараны жабуға дейін бармайды – Сарапшы

Қазақстан өз жерінде жүрген Ресей азаматтарына бақылауды күшейтті. Миграция полициясы, Ішкі істер органдары, Республикалық гвардия, участкелік полиция қызметтері осыған қатысты арнайы тапсырма алып отыр.

Егер Ресей тарапынан сұраныс келіп түссе, Ресей азаматтары аз уақыттың ішінде ұсталып, қайтадан елдеріне депортацияланатын болады. Шекара қызметі жүйесі көмегімен біздегі ресейліктердің тізімі, базасы, тұратын жерлері, байланыстары бәрі жаңартылуда. Қажет болса, Каспи сынды банктік-қаржылық жүйелер де оларды анықтауға тартыла алады.

Миграция полициясы күшейтілген жұмыс тәртібінде қызмет атқарып отыр. Ресей әзірге ондай сұраныс берген жоқ. Бірақ бүгіннен бері Қазақстанға келушілер саны күрт артатыны болжанып отыр.

Ал саясаттанушы Дос Көшім Халық үні сайтына берген сұқбатында, біздің ел қазір шекараны жабуға дейін бара қоймас деген пікір білдірді. Дегенмен, мұндай мәселені ақпаннан бастап қолға алу керек еді. Себебі, бүгінге дейін елімізге кемі миллион ресейлік кіріп кеткен.

Олар ұлттық қауіпсіздігімізге үлкен қауіп тудырып тұр. Өйткені, екіжақты келіскен ратификацияларымыз бар. Соған байланысты оларға кейін орыс тіліндегі балабақша, мектеп, т.б. ашуға мәжбүр боламыз.

Екіншіден, саясаттанушының пікірінше, әскерімізді күшейту керек. Өйткені, Ресей Украинаның екі облысын қосып алғаннан кейін Солтүстік Қазақстанға қауіп төнуі мүмкін.

Александр Дугин секілді саясаттанушылар ашықтан-ашық айтып жатыр. Әрине, Қытай мен Түркия басшылары бізді қолдайтындарын айтты. Алайда соғысқа келгенде мемлекет бәрібір қарсыласпен бетпе-бет қалады,

дейді Дос Көшім.

Айта кетейік, бүгін Ресей президенті Владимир Путин елінде ішінара мобилизация жариялаған еді. Тиісті бұйрыққа қол қойылды. Мобилизация бүгіннен басталады. Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгудің айтуынша, бұл жалпы мобилизация ресурсының 300 мың резервисін қамтиды. Оған запастағылар, әскери күштердің қатарында борышын өтегендер және әскери мамандық меңгерген азаматтар жатады. Одан тек жас ерекшелігі мен денсаулық жағдайы және сот үкімімен бас бостандығынан айрылғандар ғана босатылады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago