Бұрынғы денсаулық сақтау министрінің адвокаттарының мәліметінше, Елжан Біртоанов сот үкімінің «бірыңғай ақпараттық платформаны жүзеге асыру кезінде өкілеттігін асыра пайдаланды» деп танылған бөлігіне аппеляция шағымын түсірмек.
СотдДенсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы мен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевті бес және төрт жылға бас бостандығынан айырды. Әбішев те аппеляция шағымын бермек.
Сотталғандардың екеуі де өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Олардан денсаулық сақтау министрлігінің пайдасына 1,3 миллиард теңгеден астам өндірілген.