Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп аттестаттары мен ЖОО дипломдары цифрлық форматта QR коды арқылы берілетінін айтты.
Әрбір студенттің өзінің цифрлық профилі болады. Ең сұранысқа ие қызметтер eGov және ірі банктердің мобильді қосымшалары арқылы көрсетіледі.
деді Асхат Аймағамбетов.
Сонымен бірге цифрландыру аясында мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналары балабақшаларда орталықтандырылған кезекке қойылады. Аймағамбетовтың айтуынша, бұл балабақшалардағы орындардың қолжетімді болуы мен мониторингі үдерісін жеңілдетеді. Ал мемлекет бюджет қаражатын үнемдейді және бұл саладағы сыбайлас жемқорлықты жояды.
Мектептерде бірқатар жоба жүзеге асырылатын болады: «Цифрлық мұғалім», шағын жинақты мектептерде жекелеген пәндерді онлайн оқыту және мобильді қосымша түріндегі цифрлық оқулықтар.