Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық сапарға баруға ниеттенгендерді ала оқытып, қажылыққа дайындау жоспарланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы діни басқарма сайтында жарияланды. Бас мүфти оқыту облыстық, аудандық, қалалық мешіттерде қолжетімді болатынын жеткізді.
Ол бүгінде ел ішінде қажылыққа барып келген кейбір азаматтардың ұлы сапар туралы жағымсыз пікірлері көбейгенін алға тартты. Соған орай, болашақ қажыларды діни, рухани, моральдық тұрғыдан даярлау мәселесіне көңіл бөлінбек.