Енді қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушысы бір ғана тілді, яғни қазақ тілін меңгереді. Орыс тілі 2-сыныптан, ағылшын тілі 3-сыныптан бастап оқытылады.
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Айтуынша, мектеп табалдырығын енді аттаған бала үшін бірден үш тілді меңгеру қиын. Сол себепті – тиімсіз. Мәселенің шешімі қабылданды. Қазақ тілінде оқитын балалар енді тек қазақ тілін меңгеретін болады.
Біз баланың алдымен өз ана тілінде оқуды және жазуды үйренуі үшін тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз. Екінші сыныпта бағдарламаға орыс тілі, үшінші сыныпта ағылшын тілі қосылады,
деп түсіндірді министр.
Орыс тілінде оқитын мектептерде 1-сыныпта орыс тілі мен мемлекеттік тіл, ал 3-сыныптан бастап ағылшын тілі оқытылатын болады.