Шетелдік БАҚ не деп жазады.
Үкімет ереуілшілердің талабын орындайды
The Wall Street Journal хабарлағандай, бүгін басталуы тиіс АҚШ теміржол қызметкерлерінің шеруі болмайтын болды. Президент әкімшілігі, кәсіподақтар мен теміржол компаниялары басшылығының бірлескен күш-жігерінің арқасында оның алдын алу шарасы оң аяқталды. Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін, әрине ереуілге қатысушылардың барлық талаптарын орындауға келісуге тура келді.
Тізім 20-дан астам талаптан тұрады. Жалақының өсуі мен тоқсан сайынғы индекстелуінен басқа, негізгісі еңбек жағдайларын жақсартуға және әлеуметтік қорғауды күшейтуге қатысты.
Басылымның айтуынша, әзірге тек келісімге қол жеткізілді. Енді ереуілшілер оны қарастыруға 20 күннен артық емес уақыт берді.
Жанжал бар — қаржы жоқ
Bloomberg Қытай металлургиясына қысымның күшеюі туралы хабарлайды. Елдің шикізат секторының негізгі демеушілері JPMorgan Chase & Co. және ICBC Standard Bank Plc бірқатар дағдарыстар мен жанжалдардан кейін салаға қаржы құюдан бас тарта бастады.
Бұл мәселенің мән-жайын білетіндердің айтуынша, соңғы апталарда металл саудасымен айналысатын кем дегенде үш компания несие желілерін қысқартып қана қоймай, тоқтатқан. Бұл жағдай ірі мыс трейдері Maike Metals International Ltd. компаниясының дағдарысынын кейін орын алды.
Демократия жоқ жерде, ақша да жоқ
The Guardian Еуропалық Одақ ішіндегі шиеленіс туралы жазды.
81% дауыс берген Еуропарламенттің қаулысында парламент Венгрияны демократияны, негізгі құқықтар мен заңның үстемдігін бұзды деп айыптай отырып, «сайлау автократиясының гибридті режиміне» айналғаны жазылған.
Дауыс беру іс жүзінде нәтиже бермесе де, ол Брюссельдегі ЕО билігіне сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар Венгрияға миллиардтаған қаржы бөлуге қысым жасайды.
Венгрия Еуропалық комиссияны Covid-пен күресуге бөлінген қаражаттан 4,64 миллард еуро бөлуін сұрап отыр. Сонымен бірге Будапешт жеке сот процедурасының алдын алуға тырысуда. Кері жағдайда инфрақұрылым мен экономикалық дамуға қор бөлетін 24,3 миллиард еуродан айырылуы мүмкін.
Жексенбіде Еуропалық комиссия Венгрияның біріккен қорының 70% — ын қысқартуды ұсынады. Алайда екі депутатының айтуынша пікірталас қандай да бір келісімге келуге ықпал жасауы мүмкін. «Біз комиссияның осы санкцияларды немесе қаржылық шараларды әйтеуір ұсынатынын білеміз», — деді Германиядан келген Еуропарламент депутаты Мориц Кернер.
Ішкі құжаттың бірінде комиссия өкілдері Венгрияның ЕО қорларын басқаруы қоғамдық мүдделер ережелерінің бұзылуына және сауданың тым көп көлемі жалғыз қатысушыға тиесілі болғанын ескере отырып, үлкен тәуекел бар екенін болжап отыр.
Байден жақтаушылар қатарын арттырды
Fox news AP-NORC сауалнамасы президент Джо Байденді жақтаушылар рейтингі 45% құрағанын жазды. Бұл шілде айындағы сауалнамаға қарағанда 10 пайызға жоғары, ол кезде американдықтар 36% дауыс берген. Алайда, сауалнама нәтижесі АҚШпрезидентінің іс-әрекетін жақтамайтындардың үлесі бір қалыпта екенін көрсетті. Ол — 53%.
Байденнің көрсеткіші бірнеше заң жобаларын бекіткен соң бірден өскен. Соның ішінде 2022 жылғы инфляцияны төмендетуге бағытталған Манчин-Шумердің климат туралы заңына қол қоюы.
Менің ойымша, ол не болып жатқанын өзі де толық түсінбейді. Экономика әлсіз, сондықтан олар айтып отырған жұмыссыздық деңгейінің төмендігіне сену қиын,
деді сауалнамаға қатысушы Кристин Яннузци.
Сауалнама 2022 жылдың 9 – 12 қыркүйек аралығында жүргізілді.
Күмәнді одақтастар
New York Times ШЫҰ саммитін қорытындылай келе, Ресей мен Қытайдың мықты одақтас екеніне күмән туғанын жазды.
Сарапшылардың ойынша, Си мен Путиннің мәлімдемелері бір-біріне қайшы келіп отыр. Олардың өзара уәделескен достығы шындығында олай емес. Мәскеу Қытайдан ешқандай көмек ала алмайды.