Ақтөбе облысы мәслихатының сайтында 2023 жылғы 5 қыркүйекте облыс мәслихаттарының депутаттарына арналған хабарландыру жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Хабарландыру облыстық мәслихаттың төрағасы Гүлқасима Сүйінтаеваның атынан жарияланды:
Ақтөбе облысы мәслихаттары депутаттарының облыс әкімін тағайындауға келісім алу мәселесі бойынша жиналысы 2023 жылғы 5 қыркүйекте сағат 13.00-де Аққағаз Досжанова атындағы Конференц-Холл ғимаратында өтеді,
делінген хабарландыруда.
Ералы Тоғжанов 1963 жылы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «құқықтану», ҚР Ғылым академиясының мемлекет және құқық институтынад «заңгер» мамандығы бойынша білім алған.