Ердоған Швеция мен Финляндия шарттардан бас тартса, НАТО-ға кіруін тоқтататынын мәлімдеп сес көрсетті.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Швеция мен Финляндия «террористік ұйымдарға» қарсы іс-қимылға қатысты Анкара қойған шарттарды орындаудан бас тартса, НАТО-ға кіру процесін тоқтатамын деп қорқытты. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Швеция мен Финляндия біздің шарттарымызды орындауға қажет қадамдар жасамаса, біз бұл процесті тоқтататынымызды тағы да еске салайын. Түркия өте айқын ұстанымды ұстанады, қалғаны — Швеция мен Финляндияның ісі,
деді түрік көшбасшысы.
29 маусымда Брюссельде өткен саммитте НАТО елдері басшысы Финляндия мен Швецияны одаққа қосылуға ресми түрде шақырды.
Түркия НАТО-дағы 30 елдің ішінен жалғыз өзі Швеция мен Финляндияның кіруіне қарсы шыққан еді. Альянс саммитінің бірінші күні тараптар келісімге келе алды. Стокгольм мен Хельсинки Күрдістан жұмысшы партиясымен және оның құрылымдарымен күресте Түркиямен толық ынтымақтастыққа келісті және уағыздаушы Фетхуллах Гүленнің қозғалысын қолдаудан бас тартты.
30 маусымда Ердоған Швеция түрік билігі террористік ұйым деп таныған Күрдістан жұмысшы партиясының 73 мүшесін Түркияға экстрадициялауға кепілдік берді деп мәлімдеді.
Швеция террористерді экстрадициялауға сөз берді, олардың саны — 73-ке жуық. Бізге кепілдік берілді,
деді Ердоған.
5 шілдеде Швецияның СІМ басшысы Анн Линде Швеция мен Түркия арасында патшалықтың НАТО-ға қосылуы үшін жасалған меморандум күрдтерді экстрадицияламайтынын айтты.