Жақында мұсылманша неке қидырып, отау құрған Ерке Есмахан мен Раим Дубайдан сурет жүктеді.
«Ол мені сүйеді. Мен өзімді сүйемін. Суреттен-ақ көрініп тұрған шығар», — деп жазды Ерке Есмахан Instagram желісінде.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қос әншінің кездесетіні жайлы қауесет тарап, кейінірек Раим Бақтыгереев бұл ақпаратты растаған болатын.
Осыдан кейін бірнеше күн өткенде жұлдызды жұптың мешітте некесін қидырғаны белгілі болды. Кейінірек Раим Бақтыгерев өнерден айырылса да, махаббаттан айырыла алмайтынын айтып, көпшіліктен өздерін сынамауды сұрады. Ал Ерке Есмахан оқырманының сауалына жауап беріп, мәһрге не сұрағанын айтып берді.