Ернар Баспаев президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұл туралы Ақорла хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды,
делінген хабарламада.