СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бастығы Иван Терзидидің айтуынша, жыл басынан есірткінің заңсыз айналымына байланысты 179 сілтеме бұғатталған.
Оның 30-ы облыс тұрғындарына келіп түскен. Адамдардың полицияға көмек беріп, тыйым салынған заттарды таратуға қарсы күреске ат салысып жатқаны қуантады. Айта кететіні, қаңтарда интернет-дүкендердің жарнамасы бар 53 есірткі граффитиі боялды, оның 15-і тұрғындардан келіп түскен. Есірткінің заңсыз айналымына қатысты кез-келген ақпаратты Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының 8 (7152) 39-41-93 сенім телефонына немесе Instagram әлеуметтік желісіндегі upn_dp_sko аккаунтының direct-не немесе “102” арнасына хабарлауға болады
деп атап Иван Терзиди.
Қаңтар айынан полицейлер жастармен 500-ден астам кездесу, дәріс, дөңгелек үстелдер өткізді. Іс-шараларда тәртіп сақшылары синтетикалық есірткілер психиканы, ағзаны басқа есірткілерден гөрі жылдам бұзатыны туралы айтуда. Сондай-ақ есірткі сатқаны мен жарналамағаны үшін жазаның қатаңдатылғаны туралы да сөз қозғалады. Есірткіні тарату қылмысының төменгі сатысында тұрған есірткіні жасырын жерге салып кететіндер үшін де 10 жылдан бастап бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Психбелсенді заттарды жарналамау мен насихаттауға 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жыл басынан СҚО-да есірткіні сатты деген күдікпен 35 адам ұсталды, оныі біреуі жарнамалау фактісі қолға түскен. Заңсыз айналымнан 412 келіден астам түрлі есірткі алынды, оның ішінде екі келіден астам синтетикалық есірткі.