Президент мырза, Ерболат Досаев Алматыға ғана емес, бір ауылға әкім болуға лайық емес! Ескі Қазақстанның біліксіз «продуктісі». Отставкаға кетсін!!!
деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.
Алматыдағы Орталық ауруханасынан бес науқас ВИЧ инфекциясын жұқтырған. Оны денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник растады.
2006 жылы Алматының қазіргі әкімі Ерболат Досаев денсаулық сақтау министрі болып тұрған кезде Оңтүстік Қазақстан облысында 133 бала мен 17 ана ВИЧ жұқтырған. 9 бала сот процесі болғанға дейін қайтыс болған.
Осы оқиғадан соң 25 адам істі болып, 16 адам түрме жазасына кесілген. Бірақ көп ұзамай олардың көпшілігі бостандыққа шыққан. Сол уақыттағы Денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаев, облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрсұлу Тасмағамбетова, ОҚО әкімі Болат Жылқышиев, Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызмет сапасын бақылау комитетінің төрағасы Уәлихан Ахметов отставкаға кеткен.
Енді қайталанып отырған жағдайға байланысты Ерболат Досаев отставкаға кетсін деген ұран басталып кетті.