Алматыдағы ең тегіс көшелер — Әл Фараби, Фурманов, Сәтбаев, Абай, Достық сияқты орталық көшелерді, әр екі-үш жыл сайын бетін 2 см қырып тастап, қайта жасау, ескі бордюрді алып тастап, ескі бордюр қою:
қазына ақшасын асаудың Есімов дәуірінен қалған тәсілі.
Ерболат Досаев өзінен бұрынғы әкімдердің барлық қитұрқылықтарын жалғастырып жатыр.
Жол жөндеймін десе Алматыда өмірі жөндеу көрмеген, жүз жыл бойы асфальттың иісі де бармаған, ойдым-ойдым, шұрқ тесік, шүңқыр-шұңқыр, бір көлік әрең сияқтын қисық-қыңыр көшелер аз ба?
Досаев, Шаңырақ пен Боралдайға, барахолканың маңайындағы секторларға барып көрмесең де, бір жүріп өтсейші, сонда қай көшелерді жөндеу керектігін түсінерсің…
деп жазды журналист Сәуле Әбілдаханқызы.
Шілденің 1-3 аралығында Әл-Фараби даңғылында кептеліс пайда болды. Жаңағы ең тегіс көшені жөндеу жұмыстары түңгі 22:00 ден таңғы 06:00-дейін жүргізілген еді.