Ұлттық трагедия болған оқиғалардың өзін бір аптадан артық талқылай алмаймыз. Оның өзінде кез келген дүниені жаңалық негізінде талдаймыз. Одан ары қарай қорытуға шамамыз жетпейді, деп жазды Есдәулет Қызырбекұлы.
Бүгін 15 адамның өмірін қиған Абай облысындағы өртті ұмытып, Төреғалидің ұсталғанын айтып жатырмыз. Былтыр Қаңтар оқиғасын да дәл солай, ары кетсе екі апта талқылағанбыз.
Балықтың есте сақтауы, ұлудың жылдамдығымен дамыған 30 елдің қатарына кіріп кетуге дәмеліміз тағы.
Семейдегі орман өртін өшіремін деп барып, қаза болған тракторшы Сергей Архиповты «өрттен емес, жүрек ауруынан өлген» деп, өрт құрбандары қатарына кіргізбей қойыпты. Түгің қалмай жанып кетсең ғана құның “Құрмет” ордены мен 7 миллион теңге болады.