Сан-Педро-Уамелула қаласының мэрі Виктор Уго Соса мұны XVIII ғасырдан бері жалғасып келе жатқан дәстүр аясында жасады. Жеті жасар қалыңдықтың есімі — Кішкентай ханшайым. Үйлену тойында қолтырауынға ақ көйлек кигізіп, басына гүл шоқтарын тақты.
Сонымен бірге қолтырауын күйеуін тістеп алмас үшін жақ сүйегін жіппен байлап тастаған.
«Біз Жер анадан жаңбырдың көп жауып, өзеніміз балыққа толуын, тамағымыз тоқ болуын сұраймыз»
деді Соса.
Жергілікті тұрғындар аталмыш дәстүр сәттілік әкеледі деп сенеді.