Алматы облысы Қарасай ауданында иттерді өлтіріп, етін сатқан. Оқиға орнында пышақ, балта, металл ілмектер сынды құрал-жабдықтар табылды.
Волонтерлер келген кезде аумақта ешкім болмапты. Белсенділер дереу 17 итті құтқарған. Олар қауіпсіз жерге жеткізілді. Волонтерлер қалған иттердің де пышақ астында қалмайтынын жоққа шығармайды.
Белсенділер жантүршігерлік картинаға тап болғанын айтады. Ол жерде иттердің бас сүйектері, жаңа сойылған иттердің қан іздері жатқанын көрген. Одан бөлек мұнда пышақ, балта, итті ұратын темір таяқ, меттал ілмектер табылған. Ит соятын орында газ баллоны мен таразы да тұр.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша мұнда үнемі ит әкеледі екен. Оны сойып, бөлшектейді. Кейін етін басқа біреулер әкетеді. Қазір тексеріс жұмыстары басталды. Нәтижесінде мал соятын орынның қандай мақсатпен ашылғаны және иттің еті қайда сатылатыны анықталады. Көлді ауылының әкімі ауыл маңындағы ит соятын орынды бірінші рет көргенін айтып отыр.