Еуроодақ Ирандағы адам құқықтарының бұзылуына байланысты ондағы адамдар мен ұйымдарға қарсы жаңа санкциялар енгізді. Бұл туралы DW хабарлады.
Бұдан бөлек, Еуроодақ Ресейдің Украинадағы соғысын қолдағаны үшін Иранға санкция салды. Ресейге ұшқышсыз ұшақтар жеткізгені үшін Тегеранныңұшқышсыз ұшақ өндіруші мен әуе күштерінің қолбасшысын қара тізімге енгізді.
Еуропалық Одаққа кіруге тыйым салу және активтерді бұғаттау Иранның жоғары лауазымды қауіпсіздік шенеуніктеріне әсер етті. Иран Ислам Республикасы Теле-радиокомпаниясы (IRIB), оның директоры және жаңалықтар жүргізушісі тұтқындардың мойындауларын таратқаны үшін жаңа санкцияларға ұшырады.