Блок кейінгі айларда Еуропалық бейбітшілік қоры деп аталатын қор аясында Украинаға қару-жарақ сатып алуға бірнеше рет қаржы бөлуге келісті.
Еуроодақ кеңесі (ЕО) 18 шілдеде 500 миллион еуроға Украинаға әскери көмектің бесінші траншын жасауға келісті. Бұл туралы Еуроодақ басшысы Шарль Мишель мәлімдеді деп хабарлайды Известия.
Мен Украинаға арналған бесінші транш бойынша Еуроодақ кеңесінің саяси келісімін құптаймын. ЕО-ның Украинаға әскери жабдық ретіндегі көмегі €2,5 млрд болды,
деді Шарль Мишель.
Bloomberg агенттігі 14 шілдеде ЕО СІМ басшылығы кездесуде Украинаға әскери көмек ретінде €500 млн бөлетіні жайлы дереккөзге сілтеме жасап хабарлаған еді. Материалда блок кейінгі айларда Украинаға әскери қару-жарақты жеткізуді өтейтін Еуропалық бейбітшілік қоры деп аталатын Украина үшін қару-жарақты қаржыландырудың бірнеше раундына келіскені туралы айтылды.
Жақында НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Еуропаны санкция салдарына төзіп, Украинаға көмектесуді жалғастыра беурге шақырды.
Бұған дейін 8 шілдеде АҚШ президенті Джо Байден әскери көмектің жаңа пакеті ретінде $400 млн бөлуге бұйрық берген еді. Сол күні Пентагонда Вашингтон Украинаға бірнеше ай мен бірнеше жыл алға жаңа қару-жарақ жеткізу жоспарын жасап жатқаны мәлімделді.
Дегенмен америкалық БАҚ ЕО мен АҚШ Украинаға ұзақ уақыт әскери көмек бере алмайтынын хабарлады. Өйткені олардың мүмкіндігі шексіз емес. «Атлантиканың екі бетінде де» Украинадағы жағдайдан шаршау деңгейі артып жатқанда бұрынғы деңгейдегідей көмек берілуі екіталай екені айтылып жүр.