Финляндия ресейлік туристер үшін шекарасын жапты

30 қыркүйектен бастап ресейлік туристер үшін Финляндия қол жетімсіз болады.

Ресейде ішінара мобилизация жарияланған соң орыстар шетелге қаша бастады. Салдарынан қыркүйектің басында Латвия, Литва, Эстония және Польша өз шекараларын жапты. Енді Финлядния да шекараға қоршау салу ең тиімді шешім деп есептейді. Тіпті өзге елге бару үшін де фин шекарасынан өте алмайды. Финляндияға Ресейден тек гуманитарлық себеппен ғана кіруге рұқсат етілмек. Яғни отбасылық себептермен, оқуға, жұмысқа, емделуге, сондай-ақ гуманитарлық себептермен бара алады.

Ресейліктердің туристік визалары жойылады. Фин визасы бар ресейліктер Одақтың басқа елдері арқылы Еуропалық одаққа кіре алмайды,

деп жазады Helsingin Sanomat.

Фин үкіметі Ресейден ағылған азаматтар Финляндияның Шенген кодексіне негізделген халықаралық қарым-қатынасына нұқсан келтіреді деп санайды.

Ресейдегі мобилизациядан кейін көрші елдермен шектесетін шекараларының барлығында елден шыққысы келгендердің ұзын-сонар кептелісі әлі сейілген жоқ.

Ал Қазақстан көрші елмен шекараны жабуға асықпайды. Жаба да алмайды. Оған екі ел арасындағы бірнеше келісім себеп болып отыр. Алайда, орыстардың Қазақстанға келуі әлі де тыйылған жоқ. Билік шекараны жаба алмайды. Тек қажетті шаралар қабылдайтынын, бақылауда екенін айтып халықты сендіріп отыр. Ал өздерін «Қазақ билері» атаған ер азаматтар тобы Президентке шекараны жабуды талап ететін видео үндеу жасаған еді. Одан бөлек саясаткерлер мен шоу-бизнес өкілдері де осылай ойлайды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago