Борттағы үш оттегі баллоны да таусылып қалған екен.
ZTB.KZ редакциясына 25 маусым күні ұшақта болған жағдайды видеоға түсіріп жіберген екен. Астана-Ақтау бағытындағы рейсте жолаушы әйелдің жағдайы нашарлап, есінен танып қалған. Қысымы тым төмендеп кеткендіктен, жүрегі тоқтап қалу қаупі болған.
Бақытқа орай, бортта Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінің анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі Талғат Аманжолов болған. Ол әйелдің өмірін құтқарды. FlyArystan авиакомпаниясының бортында оттегі цистерналарының тапшылығынан, құтқару шаралары қиындыққа соққан.
Стюардессалар алдымен бос оттегі баллонын алып келген, екіншісі де бітіп қалған екен. Медициналық қобдишада алғашқы көмек көрсетуге жеткілікті дәрі-дәрмектердің болғаны әйелдің есін жиюына септігін тизігді, деп жазылған хабарламада.
Бортта дәрігер болмағанда, FlyArystan авиакомпаниясы адам өліміне себепкер болар еді. Не оттегісі жоқ, не алғашқы көмек көрсететін медициналық құралдары жоқ отандық ұшақтарды тез арада тексерістен өткізген жөн.