Бұл туралы Парижде өткен Қазақстан мен Франция Іскерлік кеңесінде айтылды.
Француз бизнесмендері еліміздегі инвестициялық климатты оң бағалап, жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті.
Біз қазақстаннан жылқы етінен дайындалған өнімдерді импорттауды көздеп отырмыз. Президент Макронның Астанаға сапары кезінде ауыл шаруашылығындағы ынытмақтастық бойынша дөңгелек үстелге қатыстық. Министрлеріңізге осы жобаны ұсындық. Ол қолдау білдірді. Қазір Еуропа елдері жылқы етінің 40 пайызын шетелден тасымалдайды. Оның көбі Оңтүстік Америкадан импортталады. Сондықтан Қазақстан өнімдері де Еуропада жақсы сұранысқа ие боларына сенімдіміз,
деді «Grand Caractere» компаниясының президенті Адриен Карли
Біздің компания қоршаған ортаны қалпына келтіру, су ресурстары және жылумен жабдықтауды басқару мен пайдаланылған суды тазартып, қолданумен айналысады. Мемлекет басшыларының кездесуінен кейін осы саларда түрлі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік туып отыр. Ең алдымен Астана мен Алматы қалаларындағы су және жылумен қамту желілерін жетілдіру бойынша серікітестікті дамытпақ ойдамыз,
дейді «Veolia» компаниясының Орталық Азия бойынша жоба директоры Франсуа Ляфоре
Екі ел арасында іскерлік кеңес көп жылдан бері жемісті жұмыс істеп келеді. Бүгін ұйымның бұрынғы басшысы Ив-Луи Деррикарера 2-дәрежелі Достық орденімен марапатталды. Жаңа команда экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға ниетті.
Бүгінгі Іскерлік кеңеске өте көп компания қатысты. Бұл француз бірлестіктерінің Қазақстанда жұмыс істеуге деген құлшынысын көрсетеді. Бұл өте жақсы белгі деп білемін,
деді Қазақстан-француз іскерлік кеңесінің тең төрағасы Ги Сидос.
Қазақстан Францияның Орталық Азиядағы басты экономикалық серіктесі. Бесінші республика тәуелсіздігімізді жариялағаннан бері еліміздің ірі инвесторына айналды. Франция Қазақстан экономикасына 19 миллиард доллар салды. Ендігі міндет жаңа инвестицияларды басым салаларға бағыттау.
Бүгін біз француз кәсіпорындарымен бірлесіп екіжақты ынтымақтастықтың жаңа салаларда дамыту туралы сөйлестік. талқыладық. әрине, ауыл шаруашылығы, денсаулық саласы, жаңа энергетика тақырыбына өте қызығушылық бар. біраз сол тақырып бойынша енді жұмысты қолға аламыз. Француз тарапының енді қазақстанның, қазақстанның экономикасына қызығушылығы мол,
дейді Қазақстанның Франциядағы Төтенше және өкілетті елшісі Гүлсара Арыстанқұлова.
Қазір Қазақстан өндірістік саладан бөлек банк секторында да ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Қазақ және француз тілдерін білетін түрлі сала мамандарын дайындауға ниетті. Екі ел басшыларының кедесуінде осындай келісімдерге қол жеткізілді, деп хабарлайды 24.kz.