Франциядағы бүлік: қала мэрінің отбасына шабуыл жасалды

Францияда Л’Эль-ле-Роз қаласының мэріне өз үйінде шабуыл жасалды. Оқиға кезінде оның әйелі мен баласы зардап шекті. Аталған оқиғаға байланысты Франция мэрлері қауымдастығының басшысы қала тұрғындарын Париж маңындағы шағын коммуна басшысының отбасын қолдау үшін митингке шығуға шақырды, хабарлайды Azattyq Ruhy.

Euronews хабарлауынша, қала мэрінің отбасына жексенбі күні түнде шабуыл жасалған. Бүлікшілер қақпаны бұзып, көлікке өрт қойып, оталдырып, шенеуніктің әйелі мен екі кішкентай баласы жатқан үйге жіберген. Оқиға салдарынан мэрдің әйелі мен бір баласы зардап шекті.

Бұл оқиға Франция басшылығының наразылығын тудырды, премьер-министр Элизабет Борн оқиға орнына жеке өзі барып, бұл іске кінәлілер қатаң жауап беретінін айтты. Көптеген француз саясаткерлері қатқыл мәлімдемелер жасады.

Айта кетсек, кеше түнде барлығы 700-ден астам тәртіпсіздік жасаған адам ұсталды. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда айтарлықтай аз көрсеткіш.

Францияның ішкі істер министрі Джеральд Дарманин құқық қорғау органдарының шешуші әрекеттерінің арқасында зорлық-зомбылық толқыны азайып келе жатқанын айтты. Ел бойынша 45 мыңнан астам полиция мен жандармерия қызметкерлері жұмылдырылды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago