Францияда Үкіметтің жоспарланған зейнетақы реформасына және зейнетке шығу жасын екі жылға арттыруға қарсы жаппай наразылықтар мен ереуілдер басталды. Елдегі ең ірі сегіз кәсіподақ жұмысшылары қарсылық шараларын ұйымдастырып жатыр. Зейнеткерлік жасты 62 жастан 64-ке көтеру көзделген.
Бейсенбіде көптеген бастауыш мектеп жабылды, қоғамдық — құқықтық телерадиокомпаниялар әдеттегі бағдарламадан бас тартты және тек музыка таратты, теміржол және қалалық көлік қозғалысы күрт шектелді.
Париж әуежайларында көптеген рейс тоқтатылды.
EDF энергетикалық концернінің қызметкерлері электр энергиясын өндіруді аздап қысқартты.
БАҚ мәліметтері бойынша, ереуілге TotalEnergies концернінің мұнай өңдеу зауыттарындағы жұмысшылардың 70-100 пайызы қатысады. Күннің бірінші жартысында Ницца, Марсель, Тулуза және басқа қалаларда демонстрациялар басталды. 200-ден астам қалада наразылық акцияларына жүздеген мың адам қатысады деген болдам бар.