Гаити республикасы Ресейдің туы мен Путин портретімен шеруге шықты

Тек Гаити тұрғындары ғана емес, Ресей туы Мали, Алжир, Орталық Африка Республикасы, Буркина-Фасо және Африка елдерінде Батыс отаршылдығына қарсы күрестің символына айналды.

Гаитилықтар қолдарына Ресей туын алып, наразылық білдірді. Ел тұрғындары Ресейден дағдарысты еңсеруге көмектесіп, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде америкалық әскери контингенттің аралға кіруіне тосқауыл қоюын сұрайды.

Сонымен қатар, Гаитидегі төтенше жағдайға байланысты көптеген ел елшіліктерін жауып, азаматтарын қауіпті аймақтан кетуге шақыруда. Атап айтқанда, Жапония бүгін дипломатиялық миссиясының жұмысын уақытша тоқтатқанын жариялады. Сондай-ақ, өз азаматтарын жаппай тәртіпсіздіктерге толы елден кетуге шақырды.

Айта кетейік, Гаитиде қылмыстық топтар арасындағы үздіксіз қақтығыстар, экономика мен әлеуметтік саладағы орасан зор проблемалар, сондай-ақ азық-түлік пен жанар-жағармайдың қымбаттауы салдарынан елде қақтығыстар орын алып жатыр.

Халықтың көпшілігі кедейлік шегінен төмен, ал кейбір арал тұрғындары тіпті аштыққа ұшырауда. Олардың саны күннен-күнге артып келеді.

Осыған байланысты ел азаматтары қазіргі үкіметтің отставкаға кетуін және аштық пен кедейшілікпен күресу шараларын қабылдауды талап етіп, жалпыұлттық шерулерге шыға бастады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago