Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Шолу > Шетел басылымына шолу > Газға зәру Еуропа, McDonald’s шығыны және Google-дің жазасы. 27 шілде
Басты жаңалықтарШетел басылымына шолу

Газға зәру Еуропа, McDonald’s шығыны және Google-дің жазасы. 27 шілде

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 27.07.2022
Обновлено 27.07.2022 в 04:07
Поделиться
Поделиться

Әлемнің басты экономикалық жаңалықтарына шолу БАҚ не туралы жазды.

Мазмұны
Газға тәуелді ЕуропаҚашықтықтағы жұмыскерлердің салығы Ресейге кетуі мүмкінКубаға «бейбітшілік» келдіGoogle-дің үшінші жазасы McDonald’s шығынға ұшырады

Газға тәуелді Еуропа

Ресейдің Украинаға басып кіруі көрші елдің тарихындағы ең ауыр экономикалық дағдарыстың біріне әкелді, деп жазады BBC News

Ресейден газ жеткізудегі үзілістердің жиілеуі мен қысқа дайындық шарасы ретінде газға деген сұранысты азайту қажеттілігі туындады. Жеткізудегі ақаулықтар маусым айының басынан бері жүйелі түрде қайталанып отыр.

Бұл ретте энергетика министрлері газды пайдалануды ерікті түрде қысқарту туралы ортақ келісімге келді. Мәселе тамыздан наурыз айына дейін газға тәуелділікті 15%-ға азайту туралы болып отыр. Кейбір елдер үшін бұндай қысқарту айтарлықтай соққы болмайды.

Сондай-ақ жақында «Газпром» 27 шілдеден бастап «Северный поток» газ құбырының жұмысын тоқтату туралы мәлімдеме жасады. Бұл жағдай екінші рет қайталанып отыр. Алғаш рет компания Еуропаға газ жеткізуді шілденің басында тоқтатқан еді. Компания өз шешімін жөндеу жұмыстарының қажеттілігімен байланыстырды.

Қашықтықтағы жұмыскерлердің салығы Ресейге кетуі мүмкін

Ресей қаржы министрлігі жаңа заң жобасын әзірледі, деп хабарлады BBC News. Заңнамада шетелде тұрып, қашықтықтан жұмыс жасайтын қызметкерлердің табыс көзі ресейлік болып есептелетіні айтылған.

The Bell басылымының жазуынша, қаржы министрлігінің ұсынысы мақұлданса, эмигрант салықтық бейрезидент болғанның өзінде (ол үшін Ресейден тыс жерде бір жылда 183 күннен астам уақыт өткізу керек), оның ресейлік табысынан 30% көлемінде салық ұсталады.

Бұл норма соғыс басталғаннан бері Ресейден кеткен он мыңнан аса IT мамандары үшін өзекті болмақ.

Кубаға «бейбітшілік» келді

Енді Кубада ресейлік «Мир» карталарынан қолма-қол ақшаны (жергілікті песо) банкоматтардан шешіп алуға болады. Бұл туралы Куба Республикасы елшілігінің туризм мәселелері жөніндегі кеңесшісі Хуан Карлос Эскалонаға сілтеме жасай отырып, Ресей туроператорлары қауымдастығы хабарлады. Банкоматтар Гавана, Варадеро мен ірі туристік орталықтарда қолжетімді болады.

Жыл соңына дейін аталмыш банктің карталары Кубаның дүкендерінде де қолданысқа енеді деп жоспарлануда.  Шенеуніктердің ойынша, қабылданған шара ресейлік туристер ағынын қалпына келтіруге көмектеседі. Қазіргі уақытта Еуроодақ пен АҚШ-тың салған шектеулеріне байланысты Ресей мен Куба арасында тікелей рейстер қатынамайды.

Наурыз айының басында халықаралық Visa және Master Card төлем жүйелері ресейлік банктермен жұмысын тоқтатты. «Мир» жүйесінің ресми сайтында көрсетілген ақпаратқа сүйенсек, ол әлемнің 11 елінде мойындалады. Оның ішінде Абхазия мен Оңтүстік Осетия да бар. Бұл тізімде Куба әлі жоқ.

Google-дің үшінші жазасы

Ресейдің федералдық монополияға қарсы қызметі Google-ға 2 млрд рубль (34,89 миллион доллар) көлемінде айыппұл салды. Алып компания YouTube-тің бейнехостинг нарығындағы үстем жағдайын теріс пайдаланғаны үшін жазаланды. Бұл соңғы бір жыл ішінде компанияға салынған үшінші айыппұл.

Ағымдағы жылдың 8 шілдесінде Мәскеудің Таганск ауданының әлемдік соты Google компаниясын Ресейде көрсетуге шектеу қойылған материалға қатысты тыйымды бірнеше рет бұзды деп айыптап, халықаралық IT алыбына 22 млрд рубльге жуық (шамамен 400 миллион доллар) айыппұл салды.

Ал мамырда сот орындаушылары Google-дан 7 млрд рубльден астам айыппұл сомасын толық өндіріп алғандарын мәлімдеді. Сондай-ақ желтоқсанда компания тыйым салынған материалды жоюдан бас тартқаны үшін тағы да жазаланды.

McDonald’s шығынға ұшырады

McDonald’s корпорациясы Ресейдегі бизнесті сатуға байланысты шығынға батқандарын жариялады, деп жазады. Компанияның есебіне сәйкес, олар екінші тоқсанда (сәуірден маусымға дейін) 1,2 миллиард долларды және 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында (салық салынғанға дейін) 1,3 миллиард долларды құрады.

Ресейде бұл компанияның 802 мейрамханасы ашылған. Олар 1 сәуірден бастап өз жұмысын тоқтатты.

Ресей мен Украинаның қарым-қатынасы мейрамханалардың уақытша жабылуына әкелген еді. Алайда мамыр айының соңында McDonald’s Ресей  нарығынан мүлдем шығып, бизнесті сатылымға қойғанын хабарлады.

Қазір жұмысын тоқтатқан мейрамханалар орнына ұқсас мәзірлі «Вкусно — и точка» атты мекемелер ашылған.

ТЕГи: Трендте
Сая Манарбековна 27.07.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Экономика

Қазақстанда баспана арзандап жатыр

03.06.2024
Атақ және ақшаӘдебиетРуханият

Қазақ қызы секс туралы роман жазып дауға қалды

29.05.2024
Қоғам

Әдепсіз стэндап-комик жазаға тартылды

24.05.2024
Басты жаңалықтар

Тимур Бекмамбетов Өзбекстанда анимациялық мектептер ашып жатыр

21.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?