Әлемдік БАҚ-та не жазылып жатқаны туралы
Еуропа қорыққан қауіп артып келеді
The Wall Street Journal Ресей газынан уақытша айыру мерзімі созылып кетсе, мұның Еуропа экономикасына қаншалық зардабы тиетінін есептеді.
Ресей осы аптадан бастап Германияға табиғи газды қайта жеткізе бастауы керек. Мерзім жақындаған сайын еуропалық шенеуніктер мен жетекшілер Мәскеу кранды жапса, бүкіл континентке әсер ететін экономикалық салдар каскадына қатты алаңдай бастады.
Сібірден Германияға газ жіберілетін «Солтүстік ағын» құбыры өткен дүйсенбіде жыл сайынғы техникалық қызмет көрсету үшін 10 күнге жабылды. Батыстағылардың көбі Мәскеу бұл мерзімді ұзартуы мүмкін деп қауіптенеді. Оған қоса, Германияны зауыттары мен көршілерінің зауыттарының негізгі құрамдас бөлігінсіз қалдырып, солайша мемлекеттің Еуропаның өнеркәсіп державасы деген атақтан мәңгі айыруы мүмкін.
Газпром Еуропаға форс-мажор туралы ескертті
Вloomberg Еуропаның ресейлік газды жеткізуге қатысты болуы мүмкін проблемалар туралы алаңдайтынын растайды. «Газпром» бірнеше еуропалық сатып алушыларға көгілдір отынды жеткізу мәселесі бойынша форс-мажор туралы хабарлама жіберді.
Агенттіктің хабарлауынша, хатта сатып алушыларға күтпеген жағдайларға байланысты газ жеткізу бойынша ұзақ мерзімді келісімшарттарды орындау мүмкін емес екені айтылады. Маусымдағы газ жеткізу туралы айтып отырмыз. Бұл айда газ импорттаушылар тапсырыс берген көлемнен аз болды.
Құжатта шілде айында және одан әрі жеткізілетін газ көлемінің азаятыны туралы ақпарат болды ма, жоқ па, нақтыланбайды. Алайда басылым бұл Газпром Ресейдің аймақтағы энергия ресурстарына бақылауды күшейту үшін газды жеткізуді шектейтінін білдіруі мүмкін екенін жазады.
Кісі өлтіру — саяси сауал
The Guardian Байден әкімшілігі америкалық судьядан СА-ның мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салманға Washington Post газетінің шолушысы Джамал Хашоггиді өлтіру ісінде егемендік иммунитетін беру керек екенін ресми түрде жарияламас бұрын өзі сұраған 60 күнге кейінге қалдыру туралы хабарлайды.
Әділет министрлігінің мәлімдесемісінде былай делінген:
Америка Құрама Штаттары сот тергеуін мұқият қарастырып жатыр, бірақ бұл үшін халықаралық және ішкі құқықтың күрделі мәселелері бойынша бірнеше атқарушы органның консультациясы қажет.
Басылым кейінге қалдыру туралы өтініш Байденнің мұнай өндірісін ұлғайту туралы келіссөздер жүргізуге тырысуымен тікелей байланысты екенін және бұл саяси бопсалаудың бір құралы екенін жоққа шығармайды.
Жақсы іске ие бола қалатындар көп…
Fox news Ақ үй бензин бағасының біршама төмендеуін тек Президент Әкімшілігінің еңбегі ретінде ұсынуға тырысып, қос стандарттар қолданылғанынан бас тартатынын жазады.
Ақ үйде өткен баспасөз конференциясында аға экономикалық кеңесші Джаред Бернстайн әкімшіліктен бірнеше ай бойы Ресейді бензин бағасының көтерілуіне кінәлағаннан кейін бағаның төмендеуі үшін жауапкершілікті өз мойнына алуы қаншалық әділетті екенін сұрады.
«Меніңше, бұл жерде екі түрлі ой жоқ», — деді кеңесші.
Бернстайн Ақ үй мен президент Байден инфляцияның өсіп жатқаны туралы, әсісресе бензин нарығының көтерілуіне қатысты проблеманы шешу үшін «жатпай-тұрмай» жұмыс істегенін мәлімдеді.
Ақ үй кейінгі 30 күнде бір галлон жанармай бағасы 50 процентке жуық түсіп кеткенін айтады. Шенеуніктердің айтуынша, баға Байденнің стратегиялық мұнай резервін пайдалану және АҚШ одақтастарын мұнай өндірісін ұлғайтуға тарту туралы шешімінің нәтижесінде түскен.
Дегенмен Ақ үй бензин бағасының 2021 жылғы ақпан айынан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңде, яғни Ресей Украинаға басып кіргенге дейін бір доллардан асқанын елемейді. Ал өндірісті ұлғайту туралы келісім Байденнің сөзінен ғана белгілі. Бұл фактіні растайтын ресми құжат жоқ.
Аптап ыстық ұзарады
New York Times Британиядағы өмірді тоқтатып тастады деуге болатын аптап ыстық туралы жазады. Елдің қалыпты температураға үйренген инфрқұрылымы аптап ыстыққа төзе алмады.
Дегенмен басылым Еуропа жоғары орташа температураға үйрене бергені дұрыс деп жазады. Өйткені ғалымдар биыл ыстық ауа райы ұзаққа созылатынын, бұған ауа массаларының реактив ағындарының өзгеруі әсер ететінін жазады.