Categories: Саясат

Газ арқылы бопсалау: Мәскеу ЕО-ны өндірістен айыруы мүмкін. 19 шілде

Әлемдік БАҚ-та не жазылып жатқаны туралы

Еуропа қорыққан қауіп артып келеді

The Wall Street Journal Ресей газынан уақытша айыру мерзімі созылып кетсе, мұның Еуропа экономикасына қаншалық зардабы тиетінін есептеді.

Ресей осы аптадан бастап Германияға табиғи газды қайта жеткізе бастауы керек. Мерзім жақындаған сайын еуропалық шенеуніктер мен жетекшілер Мәскеу кранды жапса, бүкіл континентке әсер ететін экономикалық салдар каскадына қатты алаңдай бастады.

Сібірден Германияға газ жіберілетін «Солтүстік ағын» құбыры өткен дүйсенбіде жыл сайынғы техникалық қызмет көрсету үшін 10 күнге жабылды. Батыстағылардың көбі Мәскеу бұл мерзімді ұзартуы мүмкін деп қауіптенеді. Оған қоса, Германияны зауыттары мен көршілерінің зауыттарының негізгі құрамдас бөлігінсіз қалдырып, солайша мемлекеттің Еуропаның өнеркәсіп державасы деген атақтан мәңгі айыруы мүмкін.

Газпром Еуропаға форс-мажор туралы ескертті

Вloomberg Еуропаның ресейлік газды жеткізуге қатысты болуы мүмкін проблемалар туралы алаңдайтынын растайды. «Газпром» бірнеше еуропалық сатып алушыларға көгілдір отынды жеткізу мәселесі бойынша форс-мажор туралы хабарлама жіберді.

Агенттіктің хабарлауынша, хатта сатып алушыларға күтпеген жағдайларға байланысты газ жеткізу бойынша ұзақ мерзімді келісімшарттарды орындау мүмкін емес екені айтылады. Маусымдағы газ жеткізу туралы айтып отырмыз. Бұл айда газ импорттаушылар тапсырыс берген көлемнен аз болды.

Құжатта шілде айында және одан әрі жеткізілетін газ көлемінің азаятыны туралы ақпарат болды ма, жоқ па, нақтыланбайды. Алайда басылым бұл Газпром Ресейдің аймақтағы энергия ресурстарына бақылауды күшейту үшін газды жеткізуді шектейтінін білдіруі мүмкін екенін жазады.

Кісі өлтіру — саяси сауал

The Guardian Байден әкімшілігі америкалық судьядан СА-ның мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салманға Washington Post газетінің шолушысы Джамал Хашоггиді өлтіру ісінде егемендік иммунитетін беру керек екенін ресми түрде жарияламас бұрын өзі сұраған 60 күнге кейінге қалдыру туралы хабарлайды.

Әділет министрлігінің мәлімдесемісінде былай делінген:

Америка Құрама Штаттары сот тергеуін мұқият қарастырып жатыр, бірақ бұл үшін халықаралық және ішкі құқықтың күрделі мәселелері бойынша бірнеше атқарушы органның консультациясы қажет.

Басылым кейінге қалдыру туралы өтініш Байденнің мұнай өндірісін ұлғайту туралы келіссөздер жүргізуге тырысуымен тікелей байланысты екенін және бұл саяси бопсалаудың бір құралы екенін жоққа шығармайды.

Жақсы іске ие бола қалатындар көп…

Fox news Ақ үй бензин бағасының біршама төмендеуін тек Президент Әкімшілігінің еңбегі ретінде ұсынуға тырысып, қос стандарттар қолданылғанынан бас тартатынын жазады.

Ақ үйде өткен баспасөз конференциясында аға экономикалық кеңесші Джаред Бернстайн әкімшіліктен бірнеше ай бойы Ресейді бензин бағасының көтерілуіне кінәлағаннан кейін бағаның төмендеуі үшін жауапкершілікті өз мойнына алуы қаншалық әділетті екенін сұрады.

«Меніңше, бұл жерде екі түрлі ой жоқ», — деді кеңесші. 

Бернстайн Ақ үй мен президент Байден инфляцияның өсіп жатқаны туралы, әсісресе бензин нарығының көтерілуіне қатысты проблеманы шешу үшін «жатпай-тұрмай» жұмыс істегенін мәлімдеді.

Ақ үй кейінгі 30 күнде бір галлон жанармай бағасы 50 процентке жуық түсіп кеткенін айтады. Шенеуніктердің айтуынша, баға Байденнің стратегиялық мұнай резервін пайдалану және АҚШ одақтастарын мұнай өндірісін ұлғайтуға тарту туралы шешімінің нәтижесінде түскен.

Дегенмен Ақ үй бензин бағасының 2021 жылғы ақпан айынан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңде, яғни Ресей Украинаға басып кіргенге дейін бір доллардан асқанын елемейді. Ал өндірісті ұлғайту туралы келісім Байденнің сөзінен ғана белгілі. Бұл фактіні растайтын ресми құжат жоқ.

Аптап ыстық ұзарады

New York Times Британиядағы өмірді тоқтатып тастады деуге болатын аптап ыстық туралы жазады. Елдің қалыпты температураға үйренген инфрқұрылымы аптап ыстыққа төзе алмады.

Дегенмен басылым Еуропа жоғары орташа температураға үйрене бергені дұрыс деп жазады. Өйткені ғалымдар биыл ыстық ауа райы ұзаққа созылатынын, бұған ауа массаларының реактив ағындарының өзгеруі әсер ететінін жазады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago